Хикаялар

Ысқақ Бабтың ұрпақтарының бірі Ибраһим шайхтан бір ұл, бір қыз болады. Ұлдың аты Қожа Ахмет, ал қыздың аты Гауһар Шахназ болады. Міне осы екі бала туралы мынадай аңыз-әңгімелер бар.

Күндердің бір күнінде бір ақ сақалды, басқан жері көкке тірелетін бабай кез болды. «Балам сен қырық мұрагер жалдап ал, мен кісі басына бір теңге, бір мезгіл тамаққа тойғызам. Жұмыстарың сол, ертеде, кеште екі мезгіл қырық күнге дейін зикр-и жахр саласыңдар», - дейді. Ал бабаның кім екенін өзі таниды.

Біліңдер: қазіреті Расул Алла қазіреті Арслан бапқа бір хырқа, бір құрма беріп айтқан: Миғраж кезінде мәлім болды. Меккеден Мадинаға хижрат жасалғаннан соң, Фатима перзенті имам Хасан нәсілінен соң және екінші халифа Омар ұрпағынан соң және менің үшінші халифам қазріреті Осман зүрриятынан және менің өзім некелеген перзентім ішінен менің төртінші халифам қазреті Әли перзенті имам Мұхаммед [...]

Жеті жасына дейін жоғары рухани шендерге ақырын-ақырын көтерілгеннен кейін Арыстанбабтың тәрбиесінің арқасында шыңдалып, дамуының шарықтау шегіне жеткен кішкентай Ахметтің бірте-бірте атағы, даңқы жер [...]

Қызыр әлейкум-сәләм бір күні Ахмет Ясауимен сұхбат етуге келіп, әшейінде көңілді, ақжарқын Қожаны сол күні қайғы-мұңға толы халде көреді. Таңырқап себебін сұрайды: «Мынадай жоғары хал мен мақамға жеткен кезде қайғыруыңның, мұңға басуыңның себебі не?»

Қазіреті Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи бір күні тоқсан тоғыз мың машайық аталған мүриттерін жамиғ қылып, баршасына бұйырды:
- Ан қазіретіміз Мұхаммед ғалайхиссалам миғраж ашып барғанда, Құдай тағаланың құдіретімен тоқсан тоғыз мың сөз сөйлескен екен. Отыз үш мың шариғат, отыз үш мың тариқат, отыз үш мың хақиқат – соның бәрі бір кітапта болмайды, бәрі бір жерден табылмайды. Сіздер [...]

Қожа Ахмет Ясауидің атақ-даңқы алысқа кетіп, кеңінен мәлім болып, шәкірттері мыңдап саналатындай дәрежеде жеткен кезде, әрине, қарсыластары да көбейген еді. Тіпті мұнафықтар (екіжүзділер) ақырында ауыр жала жабуға дейін барды: «Қожаның мәжілісіне ашық-шашық әйелдер де келіп, еркектермен бірге зікір салуға қатысады екен», - деген өсек тарайды. Шариғат үкімдерін сақтауға күшті құрмет көрсеткен Қорасан әулиелері бұл айтылған, [...]

Алланың әмірімен бірде таңғы намазын өз үйіңде, ал қалғанын Меккеде оқу үшін Ахметке ақ түйе сыйлайды… Мұны көрген жұрт оны бұрынғыдан бетер құрметтей түседі.
Бір күні осынау кереметке сенімсіздік тудырған бір жігіт Ахметке келіп: «Сіздің ақ түйеге мініп, намазыңызды Меккеге ұшып барып оқып келетініңіз рас па?» [...]

Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанын ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар хабардар болады. Олар Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да оның жолына тосқауыл қоюды ойластыра бастайда. Солардың бірі – Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің мықты деген 400 шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді.

Ясауи атаның үш шәкірті оның тапсырмасымен Үргеніш уалаятына, халқын тура жолға салуға барады. Ол жерде пәтуаларға жауап беретін екі муфти бар еді. Осы муфтилердің басшысы Имам Марғузи еді.