«Әзірет Сұлтан» тынысы

Жаңғырған жәдігерлер

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының қорындағы халқымыздың рухани байлығы көне құнды жәдігерлерімізді халық игілігіне ұсынып, ғылыми айналымға ендіру мақсатында оларды зерттеу, зерделеу жұмыстары атқарылуда. Осы мақсатқа сай жақында жәдігерлердің сипаттамасы каталог түрінде басылып шықты. Аталмыш каталогтар: «Құран кітаптары», «Тиындар», «Асханалық ыдыстар» деген тақырыптық топтарға бөлінген үш  кітапша түрінде жарық көрді.
 
 Мұражай қорындағы «Құран кітаптарында» [...]

Шырайлы Оңтүстіктің көрмесі Елорда төрінде

Сарыарқаның төрінде орналасқан Елордамыз – Астана қаласы қазақ елінің бойтұмары. Соңғы жылдары Астана қаласы қазақ халқының рухани, мәдени өмірін танытуға, жергілікті тұрғындарға және шетелдік қонақтарға кеңінен насихаттауға бағытталған іс-шаралардың өткізілуіне ұйытқы болып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімін иемденген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейі еліміздегі іргелі мәдени орталықтардың бірі. Аталған музейде  үстіміздегі жылдың 25 маусымында  «Шырайлы Оңтүстіктің [...]