Ғылыми-зерттеулер

ХАН ОРДАСЫНДАҒЫ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

Тарихтан XVIII ғ. Ескі Түркістан қаласында екі хан ордасы (цитадель) қатар өмір сүргенін білеміз. Бұл жайлы И.В. Ерофееваның «Казахские ханы и ханские династии в XVIII – середине XIX вв.» деген еңбегінен және Б.Т. Тұяқбаева мен А.Н.Проскуриннің «Проект регенерации цитадели в городе Туркестане» деген мақаласынан толыққанды деректер табуға болады.
 2010 жылы мамыр мен маусым айларының аралығында [...]

ТӘКИЕ ҚАҚПАСЫ МҰНАРАЛАРЫНЫҢ ТІКБҰРЫШТЫ БОЛҒАНДЫҒЫН НЕГІЗДЕУ

Ежелгі қорған қамалдары құрылыстарының ең осал жері қақпа болып саналған, сондықтан оның беріктігіне көп көңіл бөлініп, ол үшін қақпаның екі жағы арнайы мұнаралармен қорғалған. Қорған қақпалары қала қабырғасының ортасында, кей кезде бұрышында орналасқан. Кей жағдайларда шахристан қабырғасының цитадельмен жалғасар жерінде тұрғызылған, мұндай жағдайда оларды цитадель немесе бұрышты мұнаралардың бірі арқылы қорғаған. Кейде қақпа, қапталдағы мұнаралардан [...]