Мақалалар

«ДИУАНИ ХИКМЕТ» ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ

Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» жинағы көптеген ғасырлар бойы халқымыздың рухани әлемінде шешуші мәнге ие болып келді. Бұл еңбек иісі түркілердің ұлттық дүниетанымындағы түбегейлі өзгерістерге негіз болып, оның ислами аяда қайта қалыптасуына игі ықпал етті. Әсіресе, қазақ халқының ұлттық менталитетінің қалыптасуына тигізген бұл еңбектің әсері орасан зор. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, [...]

АҚ БЕРЕНДЕР СЫР ШЕРТСЕ…

Көшпенді дала халқы әскери өмірімен қатар күн көрісінде негізінен қару-жараққа сүйенген. Ердің бес қаруы бойына жарасқан кезде ғана күш-қуаты толысып, нағыз ерлікке талпынатын сәті туады деп санаған. XVI ғасырда өмір сүрген ағылшын саяхатшысы және елшісі Антони Дженкинссонның айтуынша, «көшпелілер аңға шықса да, көңіл көтеруге барса да, ешқашан садақ, жебе, қанжарын тастамаған». Қаруланып жүру заңды құқық [...]

Шығыс моншасы

Монша тарихын зерттеген ғалымдар ең алғашқы моншалардың Греция мен Римде пайда болғанын айтады. Бірақ архитектор В.Л. Воронина римдік «терм» деп аталатын жүзу бассейндері мен су ванналары бар моншаларды Үндістанның Пенджаб өлкесіндегі Мохенджо-Даро қаласының біздің заманымызға дейінгі 2300-1750 жылдарын қамтитын мәдениет қабатынан аршылып алынған қоғамдық моншаның қайталануы екендігін айтады.

Тайқазан

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат - қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан. Қойнына талай сыр жасырған бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шауаль) Түркістан қаласының [...]