Тарихи тұлғалар

ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЖЕРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихына назар сала отырып, әлі де біз үшін сыры мол, құпиялы жайттардың жеткілікті екендігін аңғарамыз. Қазақтың ел билеген ұлы тұлғаларының, игі жақсыларының Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесінде жерленгендігін анықтау біз үшін беймәлім көптеген жайттардың басын ашары анық. 
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғаларды толықтай зерттеп, аты-жөндерін, өмір жолын, қылған қызметін халыққа [...]